Сіздерді өзімнің ресми блогымда қуана қарсы аламын!
  Өскемен – жарқын оқиғаларға толы үш ғасырға жуық тарихы бар даңқты қала. Біз өз жетістіктерімізбен және атақты жерлестерімізбен мақтанамыз. Қалыптасқан дәстүрлерімізді әрқашан құрметтеп, жаңа дәстүрлерді де құшақ жая қабылдаймыз.

Шығыс Қазақстанның әкімшілдік орталығы – еліміздің металлургиялық жүрегі, республикалық хоккейдің отаны, ғылыми ой, мәдени мұра мен спорттық жетістіктердің  алтын бесігі.

Осындай қаланың әкімі болу  жауапты және өте қызықты.  Бұл дегеніміз жан-тәнін салып, барлық күш-жігерімен аянбай еңбек ету.  Сіздермен бірлесіп, қаламыздың игілігі жолында мол табыстарға жететінімізге сенімім зор.

Қарым-қатынасымызға тағы да бір интерактивті қызметтің пайда болуына қуанамын.

Аймұқашев Ерлан Қапарұлы