Сіздерді өзімнің ресми блогымда қуана қарсы аламын!
  Өскемен – жарқын оқиғаларға толы үш ғасырға жуық тарихы бар даңқты қала. Біз өз жетістіктерімізбен және атақты жерлестерімізбен мақтанамыз. Қалыптасқан дәстүрлерімізді әрқашан құрметтеп, жаңа дәстүрлерді де құшақ жая қабылдаймыз.
Наурыз мейрамымен құттықтау

Қымбатты өскемендіктер!

Сіздерді Ұлыстың Ұлы күні Наурыз мейрамымен шын жүректен құттықтаймын. Наурыз береке-бірліктің, ізгілік пен татулық, қайырымдылық пен бауырмалдық мерекесі.

Тәуелсіздікпен қатар оралған бұл мейрам біздің еліміздегі барша оңды өзгерістермен тікелей байланысты.

Наурыз – жыл басы ғана емес, өткенді ой елегінен өткізіп, болашаққа бағдар жасайтын шақ. Атқарылған істер аз емес. Халықтың әл-ауқаты жыл санап артып, ауыл шаруашылығы, шағын және орта бизнес дамып, қаламыздың келбеті жылдан-жылға көркейіп келеді. Бірақ қолға алар іс одан да көп. Биылғы жылдың өзі айтулы оқиғаларға толы. Бұл Конституцияның және Қазақстан халқы Ассамблеясының 20-жылдығы, Ұлы Жеңістің 70-жылдығы, Қазақ хандығының 550-жылдығы, ұлы Абайдың 150-жылдық мерейтойы. Сөйтсе де, биылғы жылдың ең маңызды оқиғасы – Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауы. Осы оқиғалардың баршасы елдегі бірлік пен келісімді нығайта түсетініне кәміл сенімдімін.

Наурыз құт-береке әкелсін! Баршаңызға бейбіт өмір, мықты денсаулық, отбасыларыңызға молшылық пен табыс тілеймін!

Пікірлер: 0 Қарау 714
8-наурыз мерекесімен құттықтау

Қымбатты аналар мен әжелер! Аяулы арулар!

Сіздерді халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймын! Жылдар өте жаңа мазмұнға ие болған 8-наурыз күні бүгінде сұлулық пен махаббаттың, ізгілік пен сүйіспеншіліктің мерекесіне айналып отыр. Халқымыз әркез әйел-ананы құрмет тұтып, қадірлеген. Қызғалдақтай құлпырған қызын «ел көркі» деп еркелетіп, «бір қолымен бесікті, екінші қолымен әлемді тербеткен» ананың қоғамдағы орнына лайықты бағасын бере білген.

Әрбір адамзат баласының жеткен жетістіктері мен алған биіктеріне анасының қосқан үлесі зор. «Жер бетіндегі жақсылық, ізгілік, қайырымдылық атаулының бәрі де ананың ақ сүтінен тарайды» деп Елбасымыз айтқандай, көпэтникалық халқымыздың береке-бірлікте, тату-тәтті күн кешіп отырғаны да аналарымыздың арқасы.

Ұлы жеңістің 70-жылдық мерейтойында соғыс жылдары түзде ерлермен бірге от кешіп, тылда қайраттана еңбек етіп, оларға ерекше рух берген ардагер аналардың алдында бас иеміз. Аналарымыз отбасының ұйытқысы, әрбір үйдің ырыс-берекесі болып отырған кезде, еліміздің де іргесі берік, болашағы жарқын болмақ.

Пікірлер: 0 Қарау 629
Рождествомен құттықтау

Құрметті өскемендіктер!

 Сіздерді Рождество мерекесімен құттықтаймын!

Рождество – бүкіл православиелік христиан дінін ұстанушы қауым үшін мейірбандық, ізгілік, шаттық, бейбітшілік, өзара түсіністік және келісім мерекесі болып табылады. 130-дан астам ұлт өкілдері бейбіт күнін кешіп, өзара татулықта өмір сүріп жатқан Қазақстанның берік іргесін құрайтын басты құндылықтардың да осылар екені анық. Біздің басты байлығымыз, мемлекеттіліктің негізін қалыптастыратын тұрақтылығының кепілі – көпэтникалық және көпконфессиялық халқымыздың бірлігі мен келісімі! Туған өлкеміздің өркендеуі тек өзімізге ғана байланысты. Ел игілігін арттырып, бақытты болашақ құру үшін біз татулық пен бірлікті ту етуіміз қажет.
Осы тамаша мерекеге орай баршаңызға бақыт, денсаулық, игілік пен ізгілік тілеймін.

Пікірлер: 0 Қарау 536
Жаңа жылмен құттықтау

Қадірменді жерлестер!

Сіздерді келе жатқан Жаңа 2015 жылмен құттықтаймын! Әрбір адам келе жатқан жаңа жылмен өзінің жаңа жоспарларын, үмітін байланыстырады. Сондықтан болар, бұл өте қуанышты, әрі жанымызға жақын мереке. Биылғы жыл оқиғаларға толы болды. Жаңа өнеркәсіп орындары және өндірістік цехтар, тұрғын үй және спорт кешендері салынуда. Жолдар мен көшелер, балабақшалар мен медициналық орталықтар пайдалануға берілуде. Тұлпар-Тальго вагондарынан құралған жүрдек пойыз Астана мен Алматы қалаларына қатынай бастады. Мұның бәрі қала халқының әл-ауқатын жақсартуға өзіндік үлес қосып отырғаны анық. Алған қарқыннан қалыспай еңбек етсек, 2015 жылдың да берер жемісі мол болады деп сенемін. Қадам басқан жаңа жыл құт-береке әкелсін! Жаңа жыл жемісті де, жеңісті болсын деп тілеймін! Баршаңызға қажымас қайрат, мол бақыт және мықты денсаулық тілеймін. Қадірменді жерлестер! Сіздерді келе жатқан Жаңа 2015 жылмен құттықтаймын! Әрбір адам келе жатқан жаңа жылмен өзінің жаңа жоспарларын, үмітін байланыстырады. Сондықтан болар, бұл өте қуанышты, әрі жанымызға жақын мереке. Биылғы жыл оқиғаларға толы болды. Жаңа өнеркәсіп орындары және өндірістік цехтар, тұрғын үй және спорт кешендері салынуда. Жолдар мен көшелер, балабақшалар мен медициналық орталықтар пайдалануға берілуде. Тұлпар-Тальго вагондарынан құралған жүрдек пойыз Астана мен Алматы қалаларына қатынай бастады. Мұның бәрі қала халқының әл-ауқатын жақсартуға өзіндік үлес қосып отырғаны анық. Алған қарқыннан қалыспай еңбек етсек, 2015 жылдың да берер жемісі мол болады деп сенемін. Қадам басқан жаңа жыл құт-береке әкелсін! Жаңа жыл жемісті де, жеңісті болсын деп тілеймін! Баршаңызға қажымас қайрат, мол бақыт және мықты денсаулық тілеймін.

Пікірлер: 0 Қарау 478
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздік күнімен құттықтау

Құрметті өскемендіктер!

Сіздерді ең басты ұлттық мереке – Қазақстанның Тәуелсіздік күнімен құттықтаймыз!

Осыдан жиырма үш жыл бұрын әлем картасында жаңа мемлекет – Қазақстан Республикасы пайда болды. Ел президентінің сындарлы саясатының нәтижесінде тәуелсіздік жылдары көптеген айтулы істер атқарылды: мемлекеттік шекара айқындалып, еліміздің басты құжаты – Атазаң қабылданды, ұлттық валютамыз енгізілді, ел ядролық қарудан бас тартып, әлемнің бәсекеге қабілетті 50 елінің қатарына кірді. Бүгінгі Қазақстанды ғаламдық қауымдастық мойындап отыр. Ол ынтымағы мен бірлігі жарасқан, болашағы жарқын, келешегі кемел мемлекет. Қазір қазақ жерінде жүзден астам ұлттар мен ұлыс өкілдері бір шаңырақтың астында тату-тәтті өмір сүріп жатыр. Қилы заманды басынан кешкен қазақ халқы азаттық рухын терең сезініп, жан-жүрегімен түйсіне біледі. Алдымыздағы жылы – Ұлы даланың азат халқы Қазақ елінің мемлекеттілігінің 550 жылдығына арналуы баршамыз үшін үлкен мәртебе. Ең бастысы, өткенімізді қастерлеп, болашаққа сеніммен қарап, тәуелсіздігімізді нығайта түсу.

Осы жарқын мереке қарсаңында сіздерге шын жүректен бақыт пен береке және отбасы қуанышын тілейміз! Егемен еліміз гүлденіп, көркейе берсін!

Пікірлер: 0 Қарау 453
«Нұрлы жол» – болашаққа бастар жол» Жолдауына орай

Жаңа мүмкіндіктер жолдауы

 

Елбасының   кезекті Жолдауы елімізді биік белестерге жеткізе отырып, халықтың әлеуметтік жағдайын жақсартуға бағытталған, алдағы жоспарларымызды айқындап, жүрер жолымызды саралап көрсетіп беретін маңызды құжат. «Нұрлы жол» – сөз жоқ, еліміздің өсіп-өркендеуіне әсер ететін, экономикалық және әлеуметтік дамуға жаңаша серпін беретін жолдау. Жаңа жылдың алдында жеткен биылғы Жолдау бізге арқаны кеңге салып қоймай, жоспарларымызды ой елегіне тағы бір мәрте салып, түзетулер енгізіп, заман талабына сәйкес шешім қабылдауға мүмкіндік беріп отыр. Жолдаудың халыққа нағыз қажет кезінде беріліп отырғаны Елбасының кемелдігін көрсетеді.

Нұрсұлтан Әбішұлы әлемдік экономиканы сынға алатын жаһандық қаржы-экономикалық дағдарыстың аяқталмағаны жөнінде ескертіп, жаңа экономикалық саясатын ұсынып отыр. «Нұрлы Жол» бізді бұл дағдарысқа төтеп берумен қатар, ел экономикасын еселей түсуге де әсерін тигізеді деп сенемін.

Елбасы өз Жолдауында халықтың көкейкесті мәселелерін шешуге арналған бағыт-бағдарын беріп, жөн сілтеді. Біздің халқымыз ерінбей еңбек етіп, экономиканың дамуына өз үлесін қосуға әзір. Бірақ әр адамның өмірлік қажеттіліктері де болады. Оның бастысы – баспана болса, Жолдауда бұл проблеманы түбегейлі шешу жолдары қарастырылған. Президент осындай өтпелі кезеңде халқымыздың көмек пен қолдауға ең зәру топтарын назардан қалдырмау туралы міндет қойып отыр.

Өскемен қаласында бұл бағытта атқарылып жатқан жұмыстарға келер болсақ, жыл соңына дейін жалпы аумағы 211 мың шаршы метрді құрайтын 27 көпқабатты баспана құрылысы жүргізілуде. Оның 10-ы жыл соңына дейін өз иелеріне табысталады. Сондай-ақ, жас мамандарға арналған 3 жатақхана құрылысы қолға алынды. Қазақстанның ипотекалық компаниясы арқылы 3 үй құрылысы, «Самұрық-Қазына» қоры арқылы 6 тұрғынүй құрылысы, мемлекеттік-жекеменшік серіктестігі негізінде 9-қабатты үй құрылысы жоспарланып отыр. Алдағы жылы Ұлттық қордан бөлінетін 500 млрд теңге баспаналы болғысы келетін азаматтарымыз үшін үлкен мүмкіндік.

Бүгінгі күні шешімін күткен аса маңызды мәселенің бірі тұрғынүй коммуналдық шаруашылығы, су және жылумен қамту желілерін жаңғырту болса керек. Айта кетерлігі сол, Өскеменде бұл бағытта ауқымды істер атқарылуда. Қала республика көлемінде алғашқылардың бірі болып 2010-2020 жылдарға арналған тұрғынүй-коммуналдық шаруашылығы модернизациясы бағдарламасын сәтімен жүзеге асыруда. 2011 жылдан бастап республикалық бюджет тарапынан Өскемен қаласының 159 тұрғын үйі 885,0 млн теңгеге жөндеуден өткізілген. Биылғы жылы бұл жұмыс жалғасын табуда. 24 үйде қайта жөндеу жүргізу туралы келісімшарттар жасалып, оның 18-інде жұмыс қызу жүргізіліп жатыр.

2014 жылы «Ақ бұлақ» бағдарламасы бойынша қалалық бюджеттен сумен қамту және кәріз жүйелерін қайта жаңғыртуға 1,9 млрд теңге бөлінді. Бұл 30 мыңнан астам қалалықтардың сумен қамтылу сапасын арттыруға мүмкіндік беріп отыр.

Биыл басталған тазарту құрылғыларын жаңғырту жұмыстары 2016 жылы аяқталады деп күтілуде.

Қаланың шеткі жақтарындағы жылдар бойы шешімін таппаған ауыз сумен қамту, кәріз жүйесін тарту, сапалы электрмен қамтамасыз ету мәселелері оңды шешімін табуда.

Жолдауда аталған көлік-логистикалық инфрақұрылымды дамыту бағыты бойынша бүгінгі күні аймақтар арасындағы тиімді ықпалдастықты қамтамасыз ету үшін экономикалық тиімді маршруттар жасау қолға алынуда.

Ел ішіндегі жолдар жүйесін жаңалау мақсатында автострадалар құрылысы басталып, олардың бағыттарымен жүрдек поездар да жүре бастайды. Жақын болашақта Астана – Өскемен және Алматы – Өскемен магистральдарының құрылысы қарастырылған. Ал «Тұлпар-Тальго» жүрдек поезы Өскемен мен Алматының арасын қосып үлгерді.

Ұзындығы 1200 шақырымға жететін «Жезқазған – Шалқар – Бейнеу» темір жолы салынды. Бұл Шығыс пен Батысты байланыстырып, Каспий мен Қытай арқылы Еуропаға, ал шығыста – Тынық мұхитындағы портқа шығарады.

Аталмыш шаралар халықтың әл-ауқатын арттыруға тікелей ықпал етуде.

Өскемендей ірі кәсіпорындар орталығында қазіргі кезде шағын және орта бизнесті дамытуға да көп көңіл бөлінуде. Себебі адамдардың әл-ауқатын арттырып, экономиканың прогрессивті және қарқынды дамуында шағын және орта бизнестің әсері зор. Экономикалық ресурс, әлеуметтік даму және адами әлеует сияқты құрамдастары кәсіпкерлікті қазіргі заманның аса маңызды бөлігіне айналдырып отыр. Жыл санап, қаладағы белсенді шағын және орта бизнес нысандарының саны артуда. Бүгінгі күні олардың саны 2,7 мың бірлік болса, ағымдағы жылдың тоғыз айында олардан бюджетке түскен салық мөлшері – 62,1 млрд теңгені құрап отыр.

Мемлекет тарапынан шағын және орта бизнесті дамытуға барынша қолдау көрсетілуде. ҮИИД мемлекеттік бағдарламасы аясында қалада жалпы құны 242,8 млрд теңгені құрайтын 16 инвестициялық жоба жүзеге асырылуда. Қаржылай қолдау шараларынан басқа, экономиканың шынайы секторына салық жеңілдіктері, гранттар мен субсидиялар сынды өзге де ынталандыру көздері қарастырылған.

Кәсіпкерлікті тұрақты дамыту үшін «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы жүзеге асырылуда. Оның аясында кредиттік портфелі 1 трлн теңгені құрайтын 203 жоба бекітілген.

Жолдауда айтылғандай, шағын және орта бизнесті және ірі кәсіпкерлікті дамытуға жеңілдікпен несиелендіруге Ұлттық қордан бөлінетін қаражат бизнеске көрсетілетін көмек пен қолдауды арттыра түсіп, нәтижесінде халықтың әл-ауқатын да жақсартуға ықпал етері сөзсіз.

Елбасы өзінің «Нұрлы жол» Жолдауы арқылы алдымызға ірі істерді белгілеп, таудай міндеттерін жүктеп отыр. Сондай-ақ, ертеңгі күнімізге деген сенімімізді орнықтыра түсті. Ендігі арадағы біздің әрекет Ұлттық қордан бөлініп отырған қаражатты тиімді игеріп, Елбасының сенімін ақтау деп білемін.

Пікірлер: 0 Қарау 881
Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті күніне орай құттықтау

Құрметті өскемендіктер!

Сіздерді Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Бүгінгі күні біздің өсіп-өркендеп, болашаққа нық қадаммен келе жатқан, жас та болса жасампаз мемлекетіміздің барлық жетістіктері Елбасы – Ұлт көшбасшысы Нұрсұлтан Әбішұлының есімімен тығыз байланысты.

Тәуелсіздік алып, тәй-тәй басқан уақыттан бері халқымыз кемел басшымыздың салиқалы саясатын қолдап келеді. Осының нәтижесінде небәрі жиырма жыл арасында біз айтулы жетістіктерге жеттік. Ел экономикасы өсіп, халқымыздың әлеуметтік жағдайы жақсара түсті. Жылдан жылға еліміздегі демографиялық ахуалдың жақсаруы, ана мен бала өлімінің азайғанын да мақтанышпен айтуға тұрады.

Мерекеге орай әрбір отбасына бақыт, шаттық, толағай табыстар тілеймін!

Пікірлер: 0 Қарау 294
Өскемен қаласының әкімі Т.Қасымжановтың Өскемен қаласының Ұлан ауданындағы күндеріне орай сөйлеген сөзі

Қайырлы күн, құрметті ұландықтар!

Халықтың әл-ауқаты мен өмір сапасының жақсы болуы ауыл шаруашылығының дамуымен тығыз байланысты. Бұл – экономиканың ең маңызды саласының бірі. Халық тұтынысына қажетті тауарлардың басым бөлігі ауыл шаруашылығы есебінен қамтамасыз етіліп отыр.
Осы орайда, ауыл адамына құрмет белгісі ретінде облыс басшысы Бердібек Мәшбекұлы Сапарбаевтың бастамасымен «Ауылым – алтын бесігім» акциясы жүзеге асырылып жатқанын сіздер жақсы білесіздер.
Ұлан ауданы – облысымыздың ауыл шаруашылығы аса дамыған аудандарының бірі. Бұл ең алдымен аудан халқының адал еңбегінің жемісі. Қалалар мен аудандар интеграциясын дамытуға бағытталған акция барысында біз алдымен Шемонаиха ауданына ат басын тіресек, енді өз өнімдерімізді алып, өздеріңізге келіп отырмыз.
Өскемен мен Ұлан ауданы арасындағы ертеден келе жатқан достастық және серіктестік қарым-қатынастар жыл санап күшейе түсуде. Іргелес жатқан аймақтардың өзара ықпалдасуы ең алдымен еліміздің экономикасын күшейтіп, халықты әл-ауқатын көтеруге септігін тигізеді.

Добрый день, дорогие жители Уланского района!

Сегодня наша область и Казахстан в целом динамично развиваются. Осваиваются новые направления экономики, внедряются инновационные технологии.
Жизненный уровень и благосостояние населения во многом зависят от развития сельского хозяйства. Это одна из самых важных отраслей экономики. Львиная доля спроса населения на товары народного потребления покрывается за счет сельского хозяйства, а сырье для перерабатывающей промышленности обеспечивает другие нужды общества.
В сельской местности, на полях фермеры выращивают хлеб, разводят скот. Здесь проживают люди, которые всем сердцем любят свое дело, и вносят неоценимый вклад в развитие страны. Многие наши именитые земляки являются выходцами из сел и аулов.
И в дань уважения Вашему труду, по инициативе акима Восточно-Казахстанской области Сапарбаева Бердыбека Машбековича проводится акция «Ауылым – алтын бесігім», в рамках которой предполагается интеграция города и села.
Череду выездов в районы, мы начали с Шемонаихинского района. Сегодня мы приехали к вам. Уланский район находится не так далеко от Усть-Каменогорска. Здесь очень развито сельское хозяйство. В районе действует 37 племенных хозяйств, работают крупные крестьянские хозяйства, которые поставляют молочную и мясную продукцию, масло в областной центр. Продукция ТОО «Багратион» и «ВостокМолоко» известна по всему Казахстану. Скоро в городе Усть-Каменогорске мы открываем новый торговый дом «Багратион», где будет представлен весь ассортимент продукции этого бренда.
В районе развивается перерабатывающая промышленность. С 2011 года работает завод по производству полиэтиленовых труб. В этом году реализован проект по расширению Усть-Каменогорской птицефабрики.
Усть-Каменогорск и Уланский район связывает давняя дружба и сотрудничество. Здесь живут трудолюбивые люди.
Уланцы активно участвуют в акции «Туған ел – алтын бесігім», регулярно приезжают в Усть-Каменогорск с богатой сельскохозяйственной ярмаркой.
Укрепление взаимоотношений регионов во всех сферах – это залог развития страны, от этого выигрывают граждане.
В свою очередь, мы, сегодня вам привезли ярмарку-выставку бытовых и промышленных товаров и декоративно-прикладного искусства от Дома творчества школьников, вы сможете посмотреть на работы ребят кружка робототехники станции юных техников. В Центральной районной больнице будут вести прием врачи невропатологи, кардиологи, а также окулисты с областного офтальмологического центра микрохирургии глаза. А лучшие педагоги города приехали поделиться своим опытом. Учителя предметники проведут мастер-класс по подготовке к ЕНТ. В селе Багратион пройдут соревнования по армрестлингу, а в селе Таврия – по волейболу.
Уже не первый год мы регулярно проводим дружественные Дни культуры между областями, городами и районами, а также приграничными странами. Подобные мероприятия способствуют углублению интеграции, культурному обмену и развитию социально-экономических связей.
Уверен, что в дальнейшем наши взаимоотношения будут только укрепляться.
Хочу выразить благодарность руководству района, в лице акима района, за теплый прием. Желаю всем процветания, благополучия и достижений.

Пікірлер: 0 Қарау 357
Ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің күні

Құрметті  агроөнеркәсіп  кешенінің қызметкерлері!

 Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз  – ауылшаруашылығы қызметкерлерінің күнімен құттықтаймын.

Халықтың әл-ауқаты мен өмір сапасының жақсы болуы ауыл шаруашылығының дамуымен тығыз байланысты. Бұл – экономиканың ең маңызды саласының бірі. Халық тұтынысына қажетті тауарлардың басым бөлігі ауыл шаруашылығы есебінен қамтамасыз етіліп отыр.

Сіздерге еліміздің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету жолындағы табанды еңбектеріңіз, өз істеріңізге деген жанашырлық және туған жерге деген таусылмас сүйіспеншіліктеріңіз үшін алғыс айтамыз. Мықты денсаулық, ұзақ ғұмыр, бақыт және толағай табыс тілеймін.

Пікірлер: 0 Қарау 487

Құрметті Үлбі металлургиялық зауытының ұжымы!

Кәсіпорынның 65-жылдық мерейтойына орай ыстық ықыласымыз бен шынайы құттықтауымызды қабыл алыңыздар!

Үлбі металлургиялық зауытының Өскемен экономикасында алар орны ерекше. Бұл кәсіпорын біздің өңірдің әл-ауқатын қамтамасыз етуге өз үлесін қосып отыр деп білеміз. Зауыт ұжымының өз ісіне деген махаббаты мен адал еңбегінің арқасында бүгінгі күні бұл өнеркәсіп алпауыты бүкіл әлемге өзінің заманауи өнімдерін ұсынып отыр.

Сіздердің қиын да болса аса қажет, терең білім мен біліктілікті қажет ететін еңбектеріңіз үшін алғыс білдіреміз. Қазақстанның экономикасын дамытудағы үлестеріңіз айтулы. Сіздердің еңбексүйгіштіктеріңіз, шеберліктеріңіз бен жауапкершіліктеріңіз нағыз құрметке лайық.

Мерейтой қарсаңында кәсіпорынға тұрақты даму мен толағай табыстар, ал ұжымға отбасы бақыты мен игілігін, жаңа жетістіктер тілейміз.

Пікірлер: 0 Қарау 253