Сіздерді өзімнің ресми блогымда қуана қарсы аламын!
  Өскемен – жарқын оқиғаларға толы үш ғасырға жуық тарихы бар даңқты қала. Біз өз жетістіктерімізбен және атақты жерлестерімізбен мақтанамыз. Қалыптасқан дәстүрлерімізді әрқашан құрметтеп, жаңа дәстүрлерді де құшақ жая қабылдаймыз.
Білім күні

Қымбатты ұстаздар, оқушылар және ата-аналар!

Сіздерді Білім күнімен – жаңа оқу жылының басталуымен құттықтаймын!

 1 қыркүйек – барша ұстаздар мен оқушылар қауымы үшін жаңа ізденістердің, жаңа идеялардың бастамасы.

Елімізде орын алып жатқан оңды өзгерістердің негізі сапалы білімде жатыр. Ғылымның, жаңа технологиялардың қарқынды дамуы жоғарғы кәсіби білімді, жаңа инновациялық ізденістер мен талаптарды қажет етеді. Сол себепті, бұл әрбір қазақстандық үшін аса маңызды мереке.

Осы айтулы күні оқушыларды, мектеп ұжымын, ата-аналарды, әсіресе мектеп табалдырығын алғаш аттап отырған бүлдіршіндерді шын жүректен құттықтаймын!

Сіздерге жақсы көңіл-күй, зор денсаулық, білім жолында жаңа жетістіктерге жетулеріңізді тілеймін!

Пікірлер: 0 Қарау 392
Құрметті өскемендіктер!

Сіздерді шын жүректен жалпыхалықтық мереке – Конституция күнімен құттықтаймын!

Тәуелсіз Қазақстанның Конституциясы егемен еліміздің даңғыл жолының іргетасы, Елбасы ұсынып, халық қолдаған, елімізді биік белеске шығарған, тарихи маңызы аса зор құжат. Ата Заңды ардақтау – келешекке керуен тартқан мемлекетіміздегі әрбір азаматтың асыл парызы.

Бұл мереке Қазақстан Республикасының игілігі үшін жасалатын барлық бастамаларымыз бен жаңашылдықтарымызға сенімділік береді!

Баршаңызға зор денсаулық, бейбітшілік пен амандық тілеймін.

Пікірлер: 0 Қарау 224
Құрметті әріптестер!

Сіздерді бүгінгі кәсіби мерекелеріңіз мемлекеттік қызметкерлер күнімен құттықтаймын!

Әлемдегі барлық елдің даму жолында мемлекеттік қызметтің қосар үлесі ерекше. Тәуелсіздік алған 23 жылдың ішінде Президентіміз Н.Назарбаевтың бастамасымен мемлекетті қалыптастыру бағытында ауқымды істер атқарылды. Еліміздің экономикалық-әлеуметтік, мәдени  жағдайы үздіксіз даму жолына түсті. Қазақстанның осындай жетістіктерге жетуінде мемлекеттік қызметшілердің  рөлі ерекше екенін ешкім жоққа шығармайды. Өз міндеттерін кәсіби деңгейде  атқарып, олар еліміздің әлеуметтік-экономикалық жағынан қуатты мемлекетке айналуына үлкен үлес қосты. Мемлекеттік қызметші бір саланы қамтитын мамандық емес, ол Елбасымыздың саясатын жергілікті жерде жүргізуші, халық пен билік арасында тығыз байланыс орнатушы, елдің мұң-мұқтажын  жеткізуші. Яғни, бір сөзбен айтқанда, мемлекетіміздің бет-бейнесі. Мемлекеттік қызметкер болу – үлкен бедел. Президент бүгінгі күні мемлекеттік қызметкерлерге үлкен сенім артып, тың міндеттер жүктеп отыр.

“Халықтың  сенімін ақтаудан асқан абырой жоқ”, – деп Елбасы айтқандай, ел сенімінен шығып, атақ пен абыройға бөлене беріңіздер! Баршаңызға мықты денсаулық, баянды бақыт, отбасыларыңызға бақ-береке тілеймін!

Өскемен қаласының әкімі Темірбек Қасымжанов

Пікірлер: 0 Қарау 371
Құрметті өскемендіктер!

Сіздерді шын жүректен Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесімен құттықтаймын!

Бүкіл түркі халқы үшін бұл мереке көктемгі жаңару мен жасампаздықтың, татулық пен бірліктің, молшылық пен сүйіспеншіліктің символы болып табылады.  Наурыз қарсаңында бүкіл адамзат үй-жайын тазалап, наурыз мерекесінің құрметіне жаңа ағаштар отырғыза бастайды. Наурыз таза үй, жақсы адам шаңырағына келсе, жыл бойы тек жақсылық орнап, сәтсіздік пен қиындықтар айналып өтеді деген наным бар.

Қазақстан халқы үшін Наурыз мейрамы – көктем мен жаңаруды айшықтайтын мерейі тасыған ұлы мереке. Шығыс халықтарында Наурыз мерекесі мұсылмандықты қабылдамас бұрын аталып өтілуде, сондықтан аталмыш мереке діни сипатқа ие емес. Наурыз шығыс күнтізбесі бойынша жаңа жыл басы, көктемгі күн мен түннің теңелуіне сәйкес келеді.

Наурыз мерекесінде жер-жерде ойын-сауықтар, ат жарыстары, мерекелік көңіл-көтерулер өткізіледі. 7 тағамнан әзірленетін киелі ас – наурыз көже мерекенің басты нышаны болып табылады.

Ұлтымыздың мерейін өсіріп, бар болмысымызды айшықтайтын қасиетті – Наурыз мерекесі елімізге, әрбір отбасына бірлік пен қуаныш, құт-береке, бақыт пен молшылық әкелсін! Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын!

Пікірлер: 0 Қарау 928
Құрметті өскемендіктер!

Құрметті өскемендіктер!  

Сіздерді шын жүректен ұлттық мереке – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі Күнімен құттықтаймыз!

Бұл мереке Отанымыздың даңқты тарихы мен жарқын келешегін тағы бір мәрте паш етіп, басымызды біріктіретін күн болып табылады.  Бұл күн ата-бабаларымыздың сан ғасыр аңсап келген бостандығының, егеменді, мықты мемлекет құру арманының жүзеге асқанының айшықты нышанына айналды.

1991 жылы 16 желтоқсан реформалар мен демократиялық қайта құрулар жолын бастаған жаңа тәуелсіз мемлекет үшін алғашқы қадам болып табылды.

Осы жылдары Елбасы – Ұлт көшбасшысы Н.Ә. Назарбаевтың парасатты басшылығымен, салиқалы саясатының арқасында ілгері дамып, халықаралық аренада өзінің лайықты орнын алуда. «ЭКСПО-2017» көрмесінің Астана қаласында өткізілуі туралы шешім әлемдегі ел беделінің мойындалуының асқан айғағына айналды. 

Аймақтардың әлеуметтік-экономикалық дамуы ел егемендігінің басты кепілі екені бәрімізге мәлім. Өскемен «Қарқынды индустриалдық-инновациялық даму» «Индустрияландыру картасы», «Жұмыспен қамту-2020», «Қолжетімді баспана» және т.б. мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыра отырып, Қазақстанның қарқынды дамуына елеулі үлес қосуда. Бұл дегеніміз, жаңа жұмыс орындары құрылып, азаматтардың әл-ауқаты артуда.

Осындай жарқын, қуанышты күнде шын жүректен өскемендіктерге зор денсаулық, шексіз бақыт, аңсаған армандарына жетулерін тілейміз. Әрқашан еліміздің аспаны ашық болсын! Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі Күні құтты болсын!

Құрметпен

Өскемен қаласының әкімі                                                 Серік Тәукебаев

Пікірлер: 0 Қарау 578
Құрметті өскемендіктер!

Сіздерді қасиетті Құрбан айт мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!

Қаншама мыңжылдықтар тоғысында біздің кең байтақ жеріміз Азия мен Еуропаны жалғастырып, түрлі дінді ұстанған көптеген этностарға киелі мекен бола білді. Қазақстанда ислам діні басқа діндермен достық қарым-қатынаста өмір сүріп, барлық этностар өз дәстүрлері мен діни сенімдерін ұлықтап, қадірлеуде.

Діни мерекелер – өзара түсіністіктің, қуаныш пен мейірбандылықтың мерекесі. Құрбан айт – достық пен ізгіліктің алтын арқауына айналған, адамгершілік құндылықтарды қадірлеп, төзімділік пен толеранттылықты уағыздайтын мереке. Ол әр шаңыраққа мейірімділік шапағатын төгіп, шаттық нұрын сыйлайды.

Құрбан айт күні мұсылман жамағаты мешіттерге барып, ұлы мерекенің қуанышын мұсылман бауырларымен бөліседі. Бұл дәстүрлер рухани жағынан тазартып қана қоймай, мұқтаж жандарға қол ұшын беру күні болып табылады. Бұл қасиетті күндер келешекте бірлігімізді нығайтып, жақындарымызбен қауыштырып, мұқтаж жандарға қамқорлығымызды арттыруға ықпал етеді.

Осы күні Сіздерге зор денсаулық, мол бақыт тілеймін. Құрбан айт мерекесі әр шаңыраққа, әр отбасыға береке-бірлік, шаттық, ауызбіршілік әкелсін!

Пікірлер: 0 Қарау 436
Құрметті өскемендіктер!

Біз жыл сайын 18 қазан күні Рухани Келісім Күнін атап өтеміз. Бұл күн – біздің ортақ үйіміз Қазақстан Республикасындағы тұрақтылық пен келісім үшін ұлтымызға, тұтынатын дінімізге қарамастан бәрімізді тоғыстыратын күн. 

Қазақстан қазіргі таңда мәдениетаралық және конфессияаралық қарым-қатынастың халықаралық орталығына айналып отыр. Біздің еліміздің тарихы – барлық этностар мен діндер достығының жылнамасы. Қаламызда 15 конфессияны ұсынатын 30 діни бірлестік тату тіршілік етіп келеді. Мұсылмандар, православиялықтар, протестанттар, буддисттер, иудейлер тығыз ынтымақтастықта бола отырып,  саяси іс-шараларға, мемлекеттік мерекелерге қатысып, аз қамтылған және мұқтаж жандарға, мүгедектер мен балалар үйіне қайырымдылық көмегін көрсетуде.

Өскемендіктердің бойындағы өзара түсіністіктің, рухани дәстүрлер сабақтастығының жарқын үлгісі – орталық мешіттің салынуы болып табылды. Өйткені бұл мешіттің құрылысына жиырма мыңнан астам шығысқазақстандықтар, әр түрлі этнос, дін өкілдері ат салысты.

Сіздерді мерекемен құттықтай отырып, Рухани келісім күні Бірлік пен қайырымдылық, мейірімділік пен өркендеу мерекесіне айналсын деп тілеймін!

Барлықтарыңызға бақыт, береке-бірлік және бейбітшілік тілеймін!

Пікірлер: 0 Қарау 409
Құрметті ұстаздар мен педагогикалық еңбек ардагерлері!

Қалыптасқан ерекше дәстүр бойынша қазан айының басында машақаты мол, ізденісі биік ұлы қызметтің тұлғалары – педагогтарымыздың мерекесін атап өтеміз.  

Біздің әрқайсысымыздың көкірегімізге білім шамшырағын жағып, болашаққа қанаттандырып, өмір жолына жолдама берген өз Ұстазымыз бар. Ұстаз тек білімнің ғана емес, адамгершіліктің те үлкен сабағын береді. Әр шәкіртті ізденіске бейімдеп, талаптының болмысын нұрландырған жанкешті еңбек иелері ел мүддесіне адал қызмет ететін ер-азаматты тәрбиелейді.

Сіздер болашаққа бағдар берген қаншама шәкірттеріңіз қала мен облыстың мақтанышына айналып, ел мүддесіне игілікті қызмет жасауда. Қала оқушылары облыстық, республикалық, халықаралық олимпиадаларда, сайыстарда қаламыздың абыройын асқақтатып, даңқын асырып жүр. Оқушысына білімін, тәжірибесін беріп, достықты бағалауға үйреткен Сіздердің еңбектеріңіз ұшан-теңіз.

Қадірлі ұстаздар! Өскелең ұрпаққа сүйіспеншіліктеріңіз үшін, парасаттылықтарыңыз үшін, шәкірт жүрегіне шуақты үміт беріп, жарқын болашаққа жол сілтегендеріңіз үшін алғыс айтамыз! Сіздерге зор денсаулық, қажыр-қайрат, шығармашылық шабыт тілейміз! Мерекелеріңіз құтты болсын!

 

 

 

Пікірлер: 0 Қарау 648
Құрметті ардагерлер, зейнеткерлер, аға ұрпақ өкілдері!

 

Сіздерді Халықаралық Қарттар Күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Бұл даналық, парасаттылық мерекесі Сіздердің бай тәжірибелеріңізді, өмірлік қағидаларыңыз бен құндылықтарыңызды лайық бағалап, игілікті еңбектеріңізге алғыс білдіруге мүмкіндік береді.

Біз, қазіргі ұрпақ Сіздердің алдарыңызда мәңгілік борыштармыз. Сіздер Өскемен қаласының қалыптасып дамуына зор үлес қосып, қаланың экономикалық және өндірістік әлеуетін құрдыңыздар.  

Бүгін де қала өмірімен етене араласып, ақыл-кеңес беріп, күрделі жағдайларда дұрыс жол көрсетіп, нақты шешім қабылдауға көмектесіп келесіздер.

Сіздерге шын жүректен мықты денсаулық, ұзақ ғұмыр, қажыр-қайрат, ертеңгі күнге деген сенімділік тілейміз!

Пікірлер: 0 Қарау 580