Баршаңызды еліміздегі басты кәсіби мерекелердің бірі – мұғалімдер күнімен құттықтаймын!
Халқымыз «Ұстазы жақсының ұстамы жақсы» деп, ұстазды ереше қадір тұтады. Ұстаз –білім ордасының негізі. Сіздердің қызметтеріңіз аса жауапты. Себебі, тұтас ұлттың болашағы – өскелең ұрпақ өздеріңізге аманат етіп тапсырылады.
Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың: «Еліміздің ертеңі бүгінгі жас ұрпақтың қолында, ал жас ұрпақтың тағдыры – ұстаздардың қолында» деген сөзі мұғалімдер қауымына деген ерекше құрмет пен ықыластың ерекше екендігін айқындайды.
Аяулы ұстаздар, білім беру саласының ардагерлері! Осы мерейлі мерекеде барлығыңызға зор денсаулық, баянды бақыт, отбасыларыңызға ырыс-ынтымақ тілеймін!
Өскемен қаласының әкімі Ж.Омар