Сіздерді өзімнің ресми блогымда қуана қарсы аламын!
  Өскемен – жарқын оқиғаларға толы үш ғасырға жуық тарихы бар даңқты қала. Біз өз жетістіктерімізбен және атақты жерлестерімізбен мақтанамыз. Қалыптасқан дәстүрлерімізді әрқашан құрметтеп, жаңа дәстүрлерді де құшақ жая қабылдаймыз.
Жұмысқа шығамын

22 қазанда демалыстан жұмысқа шығамын.  Қаланы дамыту бойынша жаңа жоспарларым мен ойларым бар…

Пікірлер: 0 Қарау 463
Өскемен – ауылға
Дүйсенбі күні, 22 қазанда, таңғы сәрімен Өскеменнен Зырян, Катон-Қарағай және Көкпекті аудандарына керуен аттанады. Делегацияны Асқар Нұрғазиев бастап барады.  Керуен құрамында әртістер, мұғалімдер, кәсіпкерлер, БАҚ өкілдері бар.  
“Ауылым– алтын бесігім” акциясының өткізілуінде терең мән жатыр.  
Пікірлер: 0 Қарау 461
Қоғам көзі

Қазіргі уақытта өзін-өзі басқару басқару комитеттерінде құқықбұзушылықтардың алдын алу бойынша қоғамдық кеңестер құрылуда. Олар қылмыстық жағдайды жақсартуға өз көмектерін тигізу керек деп ойлаймын. Өйткені жергілікті тұрғындар үйлері мен аулалары бойынша өздерінің көршілерін жақсы білулері керек. Осындай «қоғам көзі» тәртіпті сақтап тұруға өз үлесін қосады.

Пікірлер: 0 Қарау 416
Тұмауға қарсы күресте…

Тұмауға қарсы егу жасаған қызметтестерімнің акциясын  толығымен қолдаймын. Бас санитарлық дәрігер Михаил Дерябиннің деректері бойынша, жалпы, вакцинация кеңінен өріс алуда. Көрсеткіштер өткен жылғымен салыстырғанда жаман емес.

Пікірлер: 0 Қарау 746
Ұзтазым, өзіңе деген ыстық ықыласпен…

Ұзтаздарымызды мәңгілік есте сақтауымыз абзал. Олар бізге жазу мен оқуды үйретіп қана қоймай, болашаққа қанаттандырып, өмір жолына алғашқы жолдама берді.

Пікірлер: 0 Қарау 607
Күз- жаймашуақ уақыт

Жылдың әр мезгілі өзінше тартымды. Алтын күзде жапырақтар сарғайып, айналамыз алуан түске боялып,  табиғат ажарлана түсетін кез.

Пікірлер: 0 Қарау 715
Демалыстамын

2 қазаннан 17 қазанға дейін қысқа мерзімді кезекті еңбек демалысындамын. Бірақ, қалада болып жатқан жайттардың бәрінен хабардармын. Барлық жаңалықтарды БАҚ біліп, өзімнің орынбасарларыммен, дербес бөлім басшыларымен және басқа да азаматтармен хабарласып тұрамын.

Пікірлер: 0 Қарау 429
Балалар үшін жылу

Бүгін, 1 қазан күні білім беру орындарында жылу беру маусымын бастауға тапсырма бердім. Ең алдымен, балабақшаларда қосып, 8 қазаннан бастап мектептерге берілу керек. Сондай-ақ, медицина мекемелерінде де жылу беріле бастамақ. Бақылау Дмитрий Кавригинге жүктелді.

Пікірлер: 0 Қарау 489