Сіздерді өзімнің ресми блогымда қуана қарсы аламын!
  Өскемен – жарқын оқиғаларға толы үш ғасырға жуық тарихы бар даңқты қала. Біз өз жетістіктерімізбен және атақты жерлестерімізбен мақтанамыз. Қалыптасқан дәстүрлерімізді әрқашан құрметтеп, жаңа дәстүрлерді де құшақ жая қабылдаймыз.
Түлек – 2015

Қымбатты түлектер! Құрметті ата-аналар және ұстаздар қауымы!

 

Бүгінгі күн сіздер үшін мерейлі де мерекелі, ерекше толғанысқа толы. Сіздерді Ұлттық бірыңғай тестілеуден сүрінбей өтіп, жаңа өмірге аяқ басқан қуаныштарыңызбен шын жүректен құттықтаймын.

Күні кеше мектеп табалдырығын жүрексіне аттаған бүлдіршіндер бүгін ержетіп, үлкен өмір есігін айқара ашып, болашаққа қадам жасап отыр.

Күні ертең ел тізгінін ұстайтын жастарға білім мен тәрбие беріп, бойларын ыстық қайрат пен нұрлы ақылға толтырған ұстаздар мен ата-аналарға мың да бір алғыс! Адал еңбектеріңіздің жемісін көріңіздер.

Жас буынға айтарым, Елбасы армандаған мәңгілік болашақты жасаушы сіздер екенін ұмытпаңыздар! Ата-аналарыңның арманын, ұстаздарыңның үмітін ақтаңдар. Ел болашағы сіздердің қолдарыңызда!

Сіздерге мықты денсаулық, төзімділік, жарқын болашақ тілеймін!

Пікірлер: 0 Қарау 787
Тоқсанға толған қарияға барып қайттық

Кеше Ұлы Отан соғысының ардагері  Құрмат Рахимовтың 90-жасқа толған мерейтойымен құттықтадым. Ақсақал жалғыз тұрады екен. Бірақ өмірді қол ұстасып, қатар жүрген жан жарына арнап «И это все о ней» деген кітап жазыпты. Кітапты қолына алып, біраз мұңайды. Бірақ онысын білдіргісі жоқ. Қайтадан күліп, әңгімелесіп кетті. Соңғы шыққан кітабы «Наедине с памятью» деп аталады екен. Әрине, бұл кісінің еске алар уақиғалары көп шығар. Ұлы Отан соғысына 1942 жылдан бастап, жеңісті күнге жеткенше соғысты. Кейін әскери қызметте болды. Соңғы жылдары Шығыс Қазақстан облыстық ішкі істер басқармасы бастығының орынбасары болған.

Әскери тәртіпке әбден үйренген адам-ау, жалғыз тұрып жатса да, үйінің іші тап-таза, киімдері үтіктеліп, ілініп тұр. Біздің көпшілік азаматтарға үлгі боларлықтай. Осындай қариялар аман, көзі тірісінде жастармен көбірек кездесу өткізіп,  әңгіме-дүкен құрса, тәрбие көзі деген осы емес пе.

Пікірлер: 0 Қарау 431
Рәміздер күні туралы

«Тәуелсіздік – алтын күмбез дейтін болсақ, сол күмбезді тіреп тұрған төрт белгі бар. Оның біріншісі –  көк байрақ, екіншісі – Елтаңба, үшіншісі – Әнұран, төртіншісі – қазақ тілі», – деп Елбасымыз айтқандай, елім, жерім дейтін ұрпақтың намысын оятып, жүрегіне патриоттық сезім ұялататын – осы рәміздеріміз.

Тәуелсіздігіміздің же­тістіктерінің арқасында көк туымыз әлем­нің бе­делді елдерінің туларының қатарынан орын алды. «Туы биік елдің – тұғыры биік» деген дана халқымыз. Еліміздің тұңғыш Президенті Н.Ә.На­зарбаев еліміздің туын әр жетістігімен биікке кө­теруде. Бірлігіміз жарасып, жарқын болашаққа бір­ге барайық! Қазақстан қашан да Туымен тұғырлы, Елтаңбасымен еңселі, Әнұранымен айбарлы. Сондықтан көк байрақтың астында барлығымыздың жүрегіміз Отан деп соқсын!

Елін сүйетін, жерін сүйетін нағыз патриоттар қатары көбейе берсін!

Пікірлер: 0 Қарау 430
Дәмді!

Сенбі күні, Катон-Қарағай ауданының жәрмеңкесінде алғаш рет тұздалған қарбыздың дәмін таттым. Қауынды да тұздағанын көріп біраз таң қалдым. Оңтүстікте тәтті қауындарды кептіреді.

Пікірлер: 0 Қарау 551
Асқан ақылмен абаттандыру

 Бұрын да айтып өткенімдей, қаланы аббаттандыру мәселесіне жүйелі түрде қарау керек. ТҮКШ линиясында көшелерде талдар отырғызып, Жергілікті өзін-өзі басқару комитеттері, аулаларда, бюджеттік ұйымдар өз аумақтарында ағаштар отырғызуда. Ал жалпы сипатта ешкімде ақпарат жоқ. Менің ойымша, осындай арнайы қызметті құру керек. Қалада мамандар бар.

Пікірлер: 0 Қарау 546
Жарнама құрылғыларын тәртіпке келтіру

Келесі аптада жарнама құрылғылар иелерімен жиналыс өткізу жоспарлануда.   Олардың көбі өздерінің жарнама құрылғыларына салғырт қарайды. Желді күндері баннерлер жыртылып қалуда. Оларды алып тастау үшін иелерін іздестіреміз, бірақ еш нәтижесіз. Нәтижесінде өзіміз тәртіпке келтіреміз. Осы мәселені реттеу керек. Ертерек қол қойылған келісім-шарттарға қосымшалар енгізетін боламыз.

Пікірлер: 0 Қарау 506
Қызу дайындық

Желтоқсан айы мерекелік оқиғаларға толы. Бұл жылы біз лғаш рет Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Күнін атап өтеміз. Сондай-ақ Тәуелсіздік Күні мен Жаңа жыл мерекесін атап өтеміз. Қалада облыс орталығын мерекелік безендіру мойынша белсенді жұмыс жүргізілуде. Әр түрлі тосын сыйлар күтуде.

 

 

Пікірлер: 0 Қарау 457
Аз қамтылғандарға көмек

«Өскемен-Водоканал» кәсіпорнына жуықта өз кірістерінің есебінен 500 аз қамтылған отбасыларға суық суға арналған  есептегіш алғанға тапсырма бердім.

Пікірлер: 0 Қарау 553
Гастрольдерді күтудеміз

           Желтоқсанда біздің театрымызда Милан театры әртістерінің гастролі жоспарлануда. Үш күн бойы орыс тілінде спектакль беру жоспарлануда. Нақты деректерді кешірек хабарлаймын. Жанұямызбен барамыз.

Пікірлер: 0 Қарау 472
Адам болжайды…

Өмір жоспарларымның бағытына өз түзетулерін енгізді.  Отбасылық жағдайлар бойынша демалыс алуға мәжбүрмін.

Пікірлер: 0 Қарау 489