Сіздерді өзімнің ресми блогымда қуана қарсы аламын!
  Өскемен – жарқын оқиғаларға толы үш ғасырға жуық тарихы бар даңқты қала. Біз өз жетістіктерімізбен және атақты жерлестерімізбен мақтанамыз. Қалыптасқан дәстүрлерімізді әрқашан құрметтеп, жаңа дәстүрлерді де құшақ жая қабылдаймыз.
8-наурыз мерекесімен құттықтау

Қымбатты аналар мен әжелер! Аяулы арулар!

Сіздерді халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймын! Жылдар өте жаңа мазмұнға ие болған 8-наурыз күні бүгінде сұлулық пен махаббаттың, ізгілік пен сүйіспеншіліктің мерекесіне айналып отыр. Халқымыз әркез әйел-ананы құрмет тұтып, қадірлеген. Қызғалдақтай құлпырған қызын «ел көркі» деп еркелетіп, «бір қолымен бесікті, екінші қолымен әлемді тербеткен» ананың қоғамдағы орнына лайықты бағасын бере білген.

Әрбір адамзат баласының жеткен жетістіктері мен алған биіктеріне анасының қосқан үлесі зор. «Жер бетіндегі жақсылық, ізгілік, қайырымдылық атаулының бәрі де ананың ақ сүтінен тарайды» деп Елбасымыз айтқандай, көпэтникалық халқымыздың береке-бірлікте, тату-тәтті күн кешіп отырғаны да аналарымыздың арқасы.

Ұлы жеңістің 70-жылдық мерейтойында соғыс жылдары түзде ерлермен бірге от кешіп, тылда қайраттана еңбек етіп, оларға ерекше рух берген ардагер аналардың алдында бас иеміз. Аналарымыз отбасының ұйытқысы, әрбір үйдің ырыс-берекесі болып отырған кезде, еліміздің де іргесі берік, болашағы жарқын болмақ.

Пікірлер: 0 Қарау 629
Рождествомен құттықтау

Құрметті өскемендіктер!

 Сіздерді Рождество мерекесімен құттықтаймын!

Рождество – бүкіл православиелік христиан дінін ұстанушы қауым үшін мейірбандық, ізгілік, шаттық, бейбітшілік, өзара түсіністік және келісім мерекесі болып табылады. 130-дан астам ұлт өкілдері бейбіт күнін кешіп, өзара татулықта өмір сүріп жатқан Қазақстанның берік іргесін құрайтын басты құндылықтардың да осылар екені анық. Біздің басты байлығымыз, мемлекеттіліктің негізін қалыптастыратын тұрақтылығының кепілі – көпэтникалық және көпконфессиялық халқымыздың бірлігі мен келісімі! Туған өлкеміздің өркендеуі тек өзімізге ғана байланысты. Ел игілігін арттырып, бақытты болашақ құру үшін біз татулық пен бірлікті ту етуіміз қажет.
Осы тамаша мерекеге орай баршаңызға бақыт, денсаулық, игілік пен ізгілік тілеймін.

Пікірлер: 0 Қарау 536
Жаңа жылмен құттықтау

Қадірменді жерлестер!

Сіздерді келе жатқан Жаңа 2015 жылмен құттықтаймын! Әрбір адам келе жатқан жаңа жылмен өзінің жаңа жоспарларын, үмітін байланыстырады. Сондықтан болар, бұл өте қуанышты, әрі жанымызға жақын мереке. Биылғы жыл оқиғаларға толы болды. Жаңа өнеркәсіп орындары және өндірістік цехтар, тұрғын үй және спорт кешендері салынуда. Жолдар мен көшелер, балабақшалар мен медициналық орталықтар пайдалануға берілуде. Тұлпар-Тальго вагондарынан құралған жүрдек пойыз Астана мен Алматы қалаларына қатынай бастады. Мұның бәрі қала халқының әл-ауқатын жақсартуға өзіндік үлес қосып отырғаны анық. Алған қарқыннан қалыспай еңбек етсек, 2015 жылдың да берер жемісі мол болады деп сенемін. Қадам басқан жаңа жыл құт-береке әкелсін! Жаңа жыл жемісті де, жеңісті болсын деп тілеймін! Баршаңызға қажымас қайрат, мол бақыт және мықты денсаулық тілеймін. Қадірменді жерлестер! Сіздерді келе жатқан Жаңа 2015 жылмен құттықтаймын! Әрбір адам келе жатқан жаңа жылмен өзінің жаңа жоспарларын, үмітін байланыстырады. Сондықтан болар, бұл өте қуанышты, әрі жанымызға жақын мереке. Биылғы жыл оқиғаларға толы болды. Жаңа өнеркәсіп орындары және өндірістік цехтар, тұрғын үй және спорт кешендері салынуда. Жолдар мен көшелер, балабақшалар мен медициналық орталықтар пайдалануға берілуде. Тұлпар-Тальго вагондарынан құралған жүрдек пойыз Астана мен Алматы қалаларына қатынай бастады. Мұның бәрі қала халқының әл-ауқатын жақсартуға өзіндік үлес қосып отырғаны анық. Алған қарқыннан қалыспай еңбек етсек, 2015 жылдың да берер жемісі мол болады деп сенемін. Қадам басқан жаңа жыл құт-береке әкелсін! Жаңа жыл жемісті де, жеңісті болсын деп тілеймін! Баршаңызға қажымас қайрат, мол бақыт және мықты денсаулық тілеймін.

Пікірлер: 0 Қарау 478
Жастарға көңілім толады

Өскеменнің мектепті үздік бітірген түлектерімен кездесіп қайттым. 37 түлек «Алтын белгі» иегері атанды, 17-сі мектепті үздік бітірсе, 19-ы түрлі халықаралық олимпиадаларда жүлдегер атаныпты!   Барлығын құттықтап, ақ жол тіледім. Өз кезегінде түлектер де сөз сөйледі.Сөз  саптаулары қандай! Балалардың ақылды, білімді әрі өркениетті екені көздерінен-ақ көрініп тұр! Қуанып, марқайып қайттым. Осындай ұрпақ өсіп келе жатқанда, болашағымызға алаңдамауға болады деп ойлаймын. Аталары бастаған игі істерді жалғастыруға біздің жастар әзір көрінді.

Кездесу Оқушылар шығармашылық сарайында өткен болатын. Бұл жер  барша оқушыларды  өнерге баулуға мүмкіндік беріп отырған тамаша өнер ордасы. Балалар осы мүмкіндікті түсініп, түрлі үйірмелерге көптеп қатысса, біздің  осы сарайды ашудағы мақсатымызға жеткеніміз.

Пікірлер: 0 Қарау 371

Осы жылы  Өскеменде үй салатын комбинат ашылады. Келісім-шартқа қол қойылды, инвесторлар голландықтар инвесторлар болып табылды, құрылғы Санкт-Петербургтен әкелінді. Бірінші өнім ағымдағы жылдың маусымында алынады. Бұл жоба ең алдымен үй құрылысын  белсенді жүргізуге жол береді.

Пікірлер: 0 Қарау 624
Әкімге сауал қой!

27 желтоқсанда “Қазақстан-Өскемен” арнасында тікелей эфир ұйымдастырылады. Басталуы сағат 19.00-де. Тұрғындардың сауалдарына жауап беруге дайынмын.

Пікірлер: 0 Қарау 537
ЖАҢА БАС СӘУЛЕТШІ

 

Мұратхан Сағатов, ұзақ жылдар бойы облыс орталығының бас сәулетшісі болып қызмет атқарып, өз еркімен лауазымынан босатылды. Өмірлік жағдайлар жоспарларымызды өзгертуге  мәжбүрлейтіні, әрине, көңілімізге қаяу түсіреді.  Мұратхан Әшімұлы дарынды, шығармашыл тұлға. Ол біздің қаламыз үшін көп шаруа тындырып, қаламыздың келбетін қалыптастыруға елеулі үлес қосып, даму келешектерін анықтады.

Бүгінгі күні Еркін Жүсіпов жаңа бас сәулетші болып тағайындалды. Ол Алматы сәулет-құрылыс институтын бітірген, Отырар ауданы Тимур ауылының тумасы. 

Еркін Наурызбайұлы Қазақстан Республикасының құрметті сәулетшісі, «Мәдениет қайраткері» медалімен марапатталған. Көптеген атақты жобаларды әзірлеуге қатысқан. Атап айтқанда, Түркістан қаласының тарихи бөлігін қайта қалпына келтіру бойынша жобаға қатысқан. Осы еңбегі үшін ол Мәскеудегі Халықаралық сәулетшілер Кеңесі Ассоциациясының І дәрежелі «Алтын дипломын» алды.

Оның жинаған тәжірибесі Өскемен қаласының игілігі үшін өз пайдасын тидіреді деп үміттенемін.

Пікірлер: 0 Қарау 599
Артына өшпейтұғын із қалдырған…

Сенбі күні, 3 қарашада, Металлург кентіне Ахат Сәлемхатұлы Күленовтың атын беру бойынша мереке өткіземіз. Бұл мерекені «Казцинкпен» бірлесіп ұйымдастырамыз.

Бұдан әрі облыстық орталығында атақты адамдардың есімдерін иеленген дәстүрлі көшелер мерекесі басталады.

Артына өшпес із қалдыру – біздің өміріміздің мәні. Туған қалаңның тарихын білу – еліңнің тарихын білу.

 

Пікірлер: 0 Қарау 596
Өз ағашыңды отырғыз

13 қазаннан бастап 30 қазанға дейін Өскемен қаласында жаппай ағаштар отырғызу басталады. Осы кезең ішінде қаламызда 5 мыңға жуық көшет пайда болады. Олар шетен, қараағаш, қайың және алма ағаштарының көшеттері.  Барлық тұрғындарды аталмыш акцияға қатысуға шақырамын.

Атап айтсақ, сенбі күні, 13 қазанда сағат 9-да Астана көшесі, 48 мекенжайы бойынша орналасқан Шығыс Қазақстан Аймақтық университетінде жиналамыз.  

Тұрғындар БАҚ, жергілікті өзін-өзі басқару комитеттері және ПИК арқылы акцияның өткізілу күні және уақыты жайлы ақпараттандырылады.

Пікірлер: 0 Қарау 512
Жарайсыңдар, балалар!

Бүгін жас өскемендіктер – «Сұңқар» клубының мүшелері салтанатты ортада ант қабылдады. Олардың біреуі әскери қызметші болса, кейбіреуі басқа жолмен кетер. Бірақ қандай жағдай болмасын олар бұл оқиғаны мәңгі естеріңде сақтап қалмақ. Көптеген жылдар көлемінде олар әскери-патриоттық клубта дайындалуда. Отанымызды  қорғауға дайындалып жатқан батыр да,  батыл балалар. Айтпақшы, осы жазда Мәскеуде халықаралық «Қауіпсіздік мектебі» байқауында 3 орын алған жас құтқарушылармен кездесуден алған жағымды әсерде әлі жүрмін. Біздің жас жерлестеріміз осындай үлкен жарыста жалғыз болып Қазақстан атынан шықты. Міне осындай балалар – басқаларға үлгі-өнеге.

Пікірлер: 0 Қарау 474