Бүгін қалалық трамвай паркінің басшылығы трамвай вагондарын рельстерге шығармайтыны айтып отыр. Жауған қар рельстерді басып қалғандықтан, олардың қозғалуы екіталай екендігін айтады. Өз кезегінде қалалық әкімдік №15,27-ші автобус бағыттарының сағат 17.00-ден кейін де тоқтамай қатынайтын айтады. Естеріңізге сала кетейік, “Шығысэнерготрейд” компаниясы Трамвай паркінің 74 млн теңге электр қуаты үшін қарызы бар екендігін ескертіп, электр қуатына шектеу қойған болатын.