Сіздерді өзімнің ресми блогымда қуана қарсы аламын!
  Өскемен – жарқын оқиғаларға толы үш ғасырға жуық тарихы бар даңқты қала. Біз өз жетістіктерімізбен және атақты жерлестерімізбен мақтанамыз. Қалыптасқан дәстүрлерімізді әрқашан құрметтеп, жаңа дәстүрлерді де құшақ жая қабылдаймыз.
Құрметті өскемендіктер!

Сіздерді сүйікті қаламыз Өскеменнің туған күнімен шын жүректен құтықтаймын!

Бұл ерекше мерекені туған өлкемізге қатысты барлық жандар атап өтетіні сөзсіз. Себебі біздің қаламыз ешбір жанды бей-жай қалдырмайтын ерекше энергетикаға ие.

Өскемен – бірегей тарихымен, рухани және мәдени дәстүрімен, экономикалық және ғылыми әлеуетімен ерекшеленетін киелі мекен.

Қаламыздың ажарланып, күн сайын дамып келе жатқаны – әр өскемендіктің қажырлы еңбегінің жемісі деп білемін.

    Бүгінгі күні шаһарымыздың экономикасы дамып, жаңа өндіріс орындары мен тұрғын үйлер, балалар бақшалары, емханалар мен спорт нысандары күн санап бой көтеруде. Осының барлығы – Сіздердің адал еңбектеріңіздің арқасында жеткен биігіміз деп санаймын.

Құрметті жерлестер! Сүйікті қаламыздың туған күнінде Сіздерге зор денсаулық, отбасылық береке-бірлік тілеймін! Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын! Қала күні құтты болсын! Болашаққа ұмтылған Өскемен өркендеп өрлей берсін!

Құрметпен,   

 Өскемен қаласының әкімі                                                                Жақсылық Омар

 

Пікір жоқ »

Пікір жазылмаған

Пікір жазыңыз