Сіздерді өзімнің ресми блогымда қуана қарсы аламын!
  Өскемен – жарқын оқиғаларға толы үш ғасырға жуық тарихы бар даңқты қала. Біз өз жетістіктерімізбен және атақты жерлестерімізбен мақтанамыз. Қалыптасқан дәстүрлерімізді әрқашан құрметтеп, жаңа дәстүрлерді де құшақ жая қабылдаймыз.
ҚҰРМЕТТІ ӨСКЕМЕНДІКТЕР, ДІНИ БІРЛЕСТІКТЕР ӨКІЛДЕРІ!

Сіздерді Рухани келісім күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Еліміз әлемге көп ұлтты, көп конфессиялы,  бірлігі мен келісімі жарасқан мемлекет ретінде танылды.

Қазақстан қазіргі заманғы әлемдік кеңістікте діни келісімді жер бетіндегі бейбітшілікті сақтаудың басты қағидасы ретінде жария еткен алғашқы ел болды.
Елбасының Қазақстан халқы Ассамблеясын құруы, әлемдік және дәстүрлі діндер съезін өткізуі сияқты жасампаз бастамалары тек қазақстандықтар үшін ғана емес, әлемдік қауымдастық үшін де тарихи мәнге ие болды.
Міне бүгінгі Рухани келісім күнінің аса маңыздылығы да осыдан туындайды. Оның нәтижелілігі Сіздердің білім тәжірибелеріңіз, келелі
ой-пікірдің негізінде құрылуда.

Өскемендіктер мемлекетіміздегі тұрақтылық пен  бейбітшіліктің сақталуына зор үлес қосуда.
Мерекелеріңізбен, қадірлі  жерлестер! Барлықтарыңызға денсаулық, бақыт, отбасыларыңызға амандық тілеймін!

 

Пікір жоқ »

Пікір жазылмаған

Пікір жазыңыз