Сіздерді өзімнің ресми блогымда қуана қарсы аламын!
  Өскемен – жарқын оқиғаларға толы үш ғасырға жуық тарихы бар даңқты қала. Біз өз жетістіктерімізбен және атақты жерлестерімізбен мақтанамыз. Қалыптасқан дәстүрлерімізді әрқашан құрметтеп, жаңа дәстүрлерді де құшақ жая қабылдаймыз.
ҚҰРМЕТТІ ҰСТАЗДАР!

Қадірменді білім саласының қызметкерлері!

Сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймын! Бүгінде Мұғалімдер күні – дәстүрлі мерекеге айналды.

Ұстаздар білім мен мәдениеттің жаршысы, оларға өсер ұрпақтың тәрбиесі, елдің болашағы сеніп тапсырылған.

Елбасы, Ұлт Көшбасшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың: “Еліміздің ертеңі бүгінгі жас ұрпақтың қолында, ал жас ұрпақтың тағдыры ұстаздардың қолында”, деген сөзі, ұстазға деген құрмет пен ықыластың ерекше екендігін білдіреді.
2015 жыл ерекше мерейтойларға толы жыл. Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Қазақстан Республикасы Конституциясының 20 жылдығы, Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 70 жыл, Қазақ хандығының 550 жылдығы.

Осынау айтулы жылда барлық ұстаздар қауымының ел игілі, ұрпақ тәрбиесі, ұлт болашағы жолындағы абыройлы істеріне мол табыс тілеймін!

 

Пікір жоқ »

Пікір жазылмаған

Пікір жазыңыз