Сіздерді өзімнің ресми блогымда қуана қарсы аламын!
  Өскемен – жарқын оқиғаларға толы үш ғасырға жуық тарихы бар даңқты қала. Біз өз жетістіктерімізбен және атақты жерлестерімізбен мақтанамыз. Қалыптасқан дәстүрлерімізді әрқашан құрметтеп, жаңа дәстүрлерді де құшақ жая қабылдаймыз.
ҚҰРМЕТТІ АРДАГЕРЛЕР, ТЫЛ ЕҢБЕККЕРЛЕРІ, АРДАҚТЫ ҚАРИЯЛАР!

Сіздерді мейірім мен ізгіліктің мерекесі қарттар күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Үлкенді сыйлау, оларға құрмет көрсету ата-бабаларымыздан келе жатқан салтымыз. Сіздердің ақыл-кеңестеріңіз, тағылымды өмірлік жолдарыңыз өнеге, үлгі, мақтаныш.
Өскелең ұрпақ, баянды болашақ үшін қасық қаны қалғанша шайқасып, елге оралған соң тынымсыз еңбек еткен соғыс ардагерлері мен тыл еңбеккерлеріне мың тағзым.
Бүгін еңбектеріңіздің зейнетін көріп отырған шақта айналаңыздағы жаны жомарт жандардың ықылас-ниетіне бөленіп әрқашан арамызда аман-сау жүре беріңіздер.
Сіздерге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр тілеймін!

Пікір жоқ »

Пікір жазылмаған

Пікір жазыңыз