Сіздерді өзімнің ресми блогымда қуана қарсы аламын!
  Өскемен – жарқын оқиғаларға толы үш ғасырға жуық тарихы бар даңқты қала. Біз өз жетістіктерімізбен және атақты жерлестерімізбен мақтанамыз. Қалыптасқан дәстүрлерімізді әрқашан құрметтеп, жаңа дәстүрлерді де құшақ жая қабылдаймыз.
ҚҰРМЕТТІ ӨСКЕМЕНДІКТЕР ЖӘНЕ ҚАЛА ҚОНАҚТАРЫ!

Сіздерді Өскемен қаласының 295 жылдығымен шын жүректен құттықтаймын!
Қала күні-жалпы халық болып тойлайтын мереке.

295 жыл тарихы бар өр Алтайдың төсінде, қарт Ертістің бойында сәулеті мен дәулеті келіскен шығыс шаһары республикадағы ең үздік қалалардың бірі.
Өскемен-еліміздің металлургтер қаласы, хоккейдің отаны, мемлекет мақтанышы. 
Елбасы облыс орталғына келген іс-сапарында барысында аты аңызға айналған, тарихи – «Қазмырыш», еліміздегі атом саласының флагманы – Үлбі металлургиялық зауыты,  мемлекетімізде теңдесі жоқ машина құрастыру  «Азия Авто» зауыттарының жұмыстарына, игілікті істеріне жоғары баға берді.
Шығыс өңірінің інжу маржандары  Өскеменнің азаматтары бүгінгі күні Республикада, шет мемлекеттерде биік белестерді бағындыруда.   
Қазіргі уақытта тұрғындардың әлеуметтік жағдайы жақсарып, қаладағы оң өзгерістер өзге өңірлерге үлгі болуда. Осының барлығы, қадірлі жерлестер, Сіздердің қажырлы еңбектеріңіздің нәтижесінде жеткен биігіміз деп білемін! 
Алдымызда нақты міндеттер мен жоспарлы жұмыстар бар. Ішкі татулығымыз, береке-бірлігіміздің арқасында  биік белестерді абыроймен бағындырамыз.
Барлықтарыңызға зор денсаулық, отбасылық береке, жемісті еңбек тілеймін!

Қала күні құтты болсын! Болашаққа ұмтылған Өскемен өркендеп, дами берсін!

Пікір жоқ »

Пікір жазылмаған

Пікір жазыңыз