Сіздерді өзімнің ресми блогымда қуана қарсы аламын!
  Өскемен – жарқын оқиғаларға толы үш ғасырға жуық тарихы бар даңқты қала. Біз өз жетістіктерімізбен және атақты жерлестерімізбен мақтанамыз. Қалыптасқан дәстүрлерімізді әрқашан құрметтеп, жаңа дәстүрлерді де құшақ жая қабылдаймыз.
ҚҰРМЕТТІ ӨСКЕМЕНДІКТЕР!

Сіздерді Қазақстан Республикасы Конституциясының 20-жылдық мерейтойымен шын жүректен құттықтаймын! 

Ұлт көшбасшысы – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев атап өткендей «Азат елдің ар-намы­сын­дай болған Ата Заңымыз қа­зақтың ұлан-байтақ даласының кеңдігін, елінің ерлігі мен өрлігін бойына сыйғызған, тәуелсіз елдің мызғымас тұ­ғы­рына айналған темірқазығы, киелі де қас­тер­лі құжаты».

Тәуелсіздігіміздің тірегі болған Ата Заңымыз еліміздің бірлігі мен тұтастығының негізі ғана емес, сонымен қатар, республикамыздағы барлық жетістіктердің бастауы екені сөзсіз.

Еліміздің бүгінгі жеткен жетістігі мен алған белесі Ата Заңымыздың тұрақтылығында. Оның қағидаларын әр азаматтың қатаң сақтауы – Қазақстанның өркениет көшімен ілгері басуына қосқан үлесі болып табылады. Алдағы уақытта мемлекетіміздің басты заңы өркендеп, қанатын кеңейтіп, елімізде татулық пен бірлік, бейбітшілік пен тұрақтылық жасай берсін! Мерекеміз құтты болсын! Әр отбасына береке-бірлік, шаттық пен қуаныш тілеймін!

Пікір жоқ »

Пікір жазылмаған

Пікір жазыңыз