Сіздерді өзімнің ресми блогымда қуана қарсы аламын!
  Өскемен – жарқын оқиғаларға толы үш ғасырға жуық тарихы бар даңқты қала. Біз өз жетістіктерімізбен және атақты жерлестерімізбен мақтанамыз. Қалыптасқан дәстүрлерімізді әрқашан құрметтеп, жаңа дәстүрлерді де құшақ жая қабылдаймыз.
Түлек – 2015

Қымбатты түлектер! Құрметті ата-аналар және ұстаздар қауымы!

 

Бүгінгі күн сіздер үшін мерейлі де мерекелі, ерекше толғанысқа толы. Сіздерді Ұлттық бірыңғай тестілеуден сүрінбей өтіп, жаңа өмірге аяқ басқан қуаныштарыңызбен шын жүректен құттықтаймын.

Күні кеше мектеп табалдырығын жүрексіне аттаған бүлдіршіндер бүгін ержетіп, үлкен өмір есігін айқара ашып, болашаққа қадам жасап отыр.

Күні ертең ел тізгінін ұстайтын жастарға білім мен тәрбие беріп, бойларын ыстық қайрат пен нұрлы ақылға толтырған ұстаздар мен ата-аналарға мың да бір алғыс! Адал еңбектеріңіздің жемісін көріңіздер.

Жас буынға айтарым, Елбасы армандаған мәңгілік болашақты жасаушы сіздер екенін ұмытпаңыздар! Ата-аналарыңның арманын, ұстаздарыңның үмітін ақтаңдар. Ел болашағы сіздердің қолдарыңызда!

Сіздерге мықты денсаулық, төзімділік, жарқын болашақ тілеймін!

Пікір жоқ »

Пікір жазылмаған

Пікір жазыңыз