Сіздерді өзімнің ресми блогымда қуана қарсы аламын!
  Өскемен – жарқын оқиғаларға толы үш ғасырға жуық тарихы бар даңқты қала. Біз өз жетістіктерімізбен және атақты жерлестерімізбен мақтанамыз. Қалыптасқан дәстүрлерімізді әрқашан құрметтеп, жаңа дәстүрлерді де құшақ жая қабылдаймыз.
Рамазан айының басталуымен құттықтау

Құрметті жерлестер! Баршаңызды қасиетті Рамазан айының басталуымен шын жүректен құттықтаймын! Бұл айда барша мұсылман қауым зәру жандарға жақсылық жасап, игі ниетін білдіреді. Ораза адам жанын тазартып, жаман іс-қылықтардан сақтайды. Осы айда тұтқан оразаларыңыз, берген зекеттеріңіз, ниет-тілектеріңіз қабыл болсын! Отбасыларыңызға бақыт, денсаулық, береке-бірлік тілеймін!

Пікір жоқ »

Пікір жазылмаған

Пікір жазыңыз