Сіздерді өзімнің ресми блогымда қуана қарсы аламын!
  Өскемен – жарқын оқиғаларға толы үш ғасырға жуық тарихы бар даңқты қала. Біз өз жетістіктерімізбен және атақты жерлестерімізбен мақтанамыз. Қалыптасқан дәстүрлерімізді әрқашан құрметтеп, жаңа дәстүрлерді де құшақ жая қабылдаймыз.
Балаларды қорғау күнімен құттықтауы

Құрметті өскемендіктер!
Қымбатты балалар!

Сіздерді Халықаралық балаларды қорғау күнімен құттықтаймын! Бала – өміріміздің мәні мен сәні, әрбір адамның ең қымбат қазынасы. Біздің ұрпағымыздың балалық бал дәурені қандай болатыны тек өзімізге байланысты. Оларға ең керегі – бақытты отбасы. Жергілікті билік өз тарапынан отбасы мен отбасылық құндылықтарды сақтап, нығайту үшін, ана мен баланы қорғау үшін, балалардың құқықтарын сақтау бағытынды тиісті жұмыстар атқаруда. Ал әрбір ата-ана үшін «Бала бақыты үшін!» деген ұран өмірлік принципке айналуы тиіс. Балаларымызға ашық аспан, тату-тәтті отбасы мен ұзақ та бағытты ғұмыр тілеймін!

Пікір жоқ »

Пікір жазылмаған

Пікір жазыңыз