Сіздерді өзімнің ресми блогымда қуана қарсы аламын!
  Өскемен – жарқын оқиғаларға толы үш ғасырға жуық тарихы бар даңқты қала. Біз өз жетістіктерімізбен және атақты жерлестерімізбен мақтанамыз. Қалыптасқан дәстүрлерімізді әрқашан құрметтеп, жаңа дәстүрлерді де құшақ жая қабылдаймыз.
Наурыз мейрамымен құттықтау

Қымбатты өскемендіктер!

Сіздерді Ұлыстың Ұлы күні Наурыз мейрамымен шын жүректен құттықтаймын. Наурыз береке-бірліктің, ізгілік пен татулық, қайырымдылық пен бауырмалдық мерекесі.

Тәуелсіздікпен қатар оралған бұл мейрам біздің еліміздегі барша оңды өзгерістермен тікелей байланысты.

Наурыз – жыл басы ғана емес, өткенді ой елегінен өткізіп, болашаққа бағдар жасайтын шақ. Атқарылған істер аз емес. Халықтың әл-ауқаты жыл санап артып, ауыл шаруашылығы, шағын және орта бизнес дамып, қаламыздың келбеті жылдан-жылға көркейіп келеді. Бірақ қолға алар іс одан да көп. Биылғы жылдың өзі айтулы оқиғаларға толы. Бұл Конституцияның және Қазақстан халқы Ассамблеясының 20-жылдығы, Ұлы Жеңістің 70-жылдығы, Қазақ хандығының 550-жылдығы, ұлы Абайдың 150-жылдық мерейтойы. Сөйтсе де, биылғы жылдың ең маңызды оқиғасы – Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауы. Осы оқиғалардың баршасы елдегі бірлік пен келісімді нығайта түсетініне кәміл сенімдімін.

Наурыз құт-береке әкелсін! Баршаңызға бейбіт өмір, мықты денсаулық, отбасыларыңызға молшылық пен табыс тілеймін!

Пікір жоқ »

Пікір жазылмаған

Пікір жазыңыз