Сіздерді өзімнің ресми блогымда қуана қарсы аламын!
  Өскемен – жарқын оқиғаларға толы үш ғасырға жуық тарихы бар даңқты қала. Біз өз жетістіктерімізбен және атақты жерлестерімізбен мақтанамыз. Қалыптасқан дәстүрлерімізді әрқашан құрметтеп, жаңа дәстүрлерді де құшақ жая қабылдаймыз.
8-наурыз мерекесімен құттықтау

Қымбатты аналар мен әжелер! Аяулы арулар!

Сіздерді халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймын! Жылдар өте жаңа мазмұнға ие болған 8-наурыз күні бүгінде сұлулық пен махаббаттың, ізгілік пен сүйіспеншіліктің мерекесіне айналып отыр. Халқымыз әркез әйел-ананы құрмет тұтып, қадірлеген. Қызғалдақтай құлпырған қызын «ел көркі» деп еркелетіп, «бір қолымен бесікті, екінші қолымен әлемді тербеткен» ананың қоғамдағы орнына лайықты бағасын бере білген.

Әрбір адамзат баласының жеткен жетістіктері мен алған биіктеріне анасының қосқан үлесі зор. «Жер бетіндегі жақсылық, ізгілік, қайырымдылық атаулының бәрі де ананың ақ сүтінен тарайды» деп Елбасымыз айтқандай, көпэтникалық халқымыздың береке-бірлікте, тату-тәтті күн кешіп отырғаны да аналарымыздың арқасы.

Ұлы жеңістің 70-жылдық мерейтойында соғыс жылдары түзде ерлермен бірге от кешіп, тылда қайраттана еңбек етіп, оларға ерекше рух берген ардагер аналардың алдында бас иеміз. Аналарымыз отбасының ұйытқысы, әрбір үйдің ырыс-берекесі болып отырған кезде, еліміздің де іргесі берік, болашағы жарқын болмақ.

Пікір жоқ »

Пікір жазылмаған

Пікір жазыңыз