Сіздерді өзімнің ресми блогымда қуана қарсы аламын!
  Өскемен – жарқын оқиғаларға толы үш ғасырға жуық тарихы бар даңқты қала. Біз өз жетістіктерімізбен және атақты жерлестерімізбен мақтанамыз. Қалыптасқан дәстүрлерімізді әрқашан құрметтеп, жаңа дәстүрлерді де құшақ жая қабылдаймыз.
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздік күнімен құттықтау

Құрметті өскемендіктер!

Сіздерді ең басты ұлттық мереке – Қазақстанның Тәуелсіздік күнімен құттықтаймыз!

Осыдан жиырма үш жыл бұрын әлем картасында жаңа мемлекет – Қазақстан Республикасы пайда болды. Ел президентінің сындарлы саясатының нәтижесінде тәуелсіздік жылдары көптеген айтулы істер атқарылды: мемлекеттік шекара айқындалып, еліміздің басты құжаты – Атазаң қабылданды, ұлттық валютамыз енгізілді, ел ядролық қарудан бас тартып, әлемнің бәсекеге қабілетті 50 елінің қатарына кірді. Бүгінгі Қазақстанды ғаламдық қауымдастық мойындап отыр. Ол ынтымағы мен бірлігі жарасқан, болашағы жарқын, келешегі кемел мемлекет. Қазір қазақ жерінде жүзден астам ұлттар мен ұлыс өкілдері бір шаңырақтың астында тату-тәтті өмір сүріп жатыр. Қилы заманды басынан кешкен қазақ халқы азаттық рухын терең сезініп, жан-жүрегімен түйсіне біледі. Алдымыздағы жылы – Ұлы даланың азат халқы Қазақ елінің мемлекеттілігінің 550 жылдығына арналуы баршамыз үшін үлкен мәртебе. Ең бастысы, өткенімізді қастерлеп, болашаққа сеніммен қарап, тәуелсіздігімізді нығайта түсу.

Осы жарқын мереке қарсаңында сіздерге шын жүректен бақыт пен береке және отбасы қуанышын тілейміз! Егемен еліміз гүлденіп, көркейе берсін!

Пікір жоқ »

Пікір жазылмаған

Пікір жазыңыз