Сіздерді өзімнің ресми блогымда қуана қарсы аламын!
  Өскемен – жарқын оқиғаларға толы үш ғасырға жуық тарихы бар даңқты қала. Біз өз жетістіктерімізбен және атақты жерлестерімізбен мақтанамыз. Қалыптасқан дәстүрлерімізді әрқашан құрметтеп, жаңа дәстүрлерді де құшақ жая қабылдаймыз.
Қарттар күні

Құрметті зейнеткерлер, ардагерлер және ақ сақалды, ақ самайлы аталар мен әжелер!

Сіздерді Қарттар күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Қарттар күнін әрбір қазақстандық оларға жасын есіне салу үшін емес, олардың орасан еңбектеріне, жақсылығы мен даналығына бас иіп, жылы сөздер айту үшін атап өтеді. Жасы ұлғайған шақта адам қоғамға, өзортасына айтулы үлес қоса алады. Өйткені, олар аты арындаған жастыққа сабыр салып, ақыл қосып, даналыққа шақыра алады.

Сіздерге шын жүректен денсаулық, ұзақ өмір, сенім мен үміт тілеймін.

Пікір жоқ »

Пікір жазылмаған

Пікір жазыңыз