Сіздерді өзімнің ресми блогымда қуана қарсы аламын!
  Өскемен – жарқын оқиғаларға толы үш ғасырға жуық тарихы бар даңқты қала. Біз өз жетістіктерімізбен және атақты жерлестерімізбен мақтанамыз. Қалыптасқан дәстүрлерімізді әрқашан құрметтеп, жаңа дәстүрлерді де құшақ жая қабылдаймыз.
Тоқсанға толған қарияға барып қайттық

Кеше Ұлы Отан соғысының ардагері  Құрмат Рахимовтың 90-жасқа толған мерейтойымен құттықтадым. Ақсақал жалғыз тұрады екен. Бірақ өмірді қол ұстасып, қатар жүрген жан жарына арнап «И это все о ней» деген кітап жазыпты. Кітапты қолына алып, біраз мұңайды. Бірақ онысын білдіргісі жоқ. Қайтадан күліп, әңгімелесіп кетті. Соңғы шыққан кітабы «Наедине с памятью» деп аталады екен. Әрине, бұл кісінің еске алар уақиғалары көп шығар. Ұлы Отан соғысына 1942 жылдан бастап, жеңісті күнге жеткенше соғысты. Кейін әскери қызметте болды. Соңғы жылдары Шығыс Қазақстан облыстық ішкі істер басқармасы бастығының орынбасары болған.

Әскери тәртіпке әбден үйренген адам-ау, жалғыз тұрып жатса да, үйінің іші тап-таза, киімдері үтіктеліп, ілініп тұр. Біздің көпшілік азаматтарға үлгі боларлықтай. Осындай қариялар аман, көзі тірісінде жастармен көбірек кездесу өткізіп,  әңгіме-дүкен құрса, тәрбие көзі деген осы емес пе.

Пікір жоқ »

Пікір жазылмаған

Пікір жазыңыз