Сіздерді өзімнің ресми блогымда қуана қарсы аламын!
  Өскемен – жарқын оқиғаларға толы үш ғасырға жуық тарихы бар даңқты қала. Біз өз жетістіктерімізбен және атақты жерлестерімізбен мақтанамыз. Қалыптасқан дәстүрлерімізді әрқашан құрметтеп, жаңа дәстүрлерді де құшақ жая қабылдаймыз.
Блог ережелері

 

Автор ұстанымы:

  • Блогта жарияланған барлық мақалалар автордың жеке пікірі болып табылады.
  • Уақыттың өтуімен мақалалар мен сөздердің мәтіні өзгеруі мүмкін.
  • Блог авторы дереккөздер мен авторларды міндетті түрде көрсете отырып, мақалалар, басылымдар мен фотосуреттерді, бейнелерді қолдана алады. 

 

Блогқа кірушіге келесі іс-әрекеттерге рұқсат беріледі:

  • Блогтағы жазбаларға өз пікірін білдіруге.
  • Дәл осы мақсатта Сізге түсініктеме сервисі ұсынылған.
  • Сіздің түсінігіңіз жазба тақырыбына сәйкес болуы тиіс және сол тақырыпты өрбітуі жөн.
  • Түсініктер нақты болулары тиіс.

Түсінік жаза отырып, Сіз өзіңіздің аталмыш тақырып бойынша жеке пікіріңізді білдіргеніңізді естен шығармаңыз.

Сізге:

  • Мақала бойынша ешқандай түсінік жазбай, өзіңе линк орнату мақсатында түсініктер қалдыруға (Блогқа кірушілердің мағыналы және пайдалы түсініктеріне сілтемелер қоюға рұқсат беріледі, және ол тегін тақырыптық ресурсқа сілтеуі тиіс).
  • Түсініктерде тұрпайы лексика қолдануға
  • Аталмыш қоғамдастықтықтың кез-келген өкіліне және сайт авторына қатысты оғаш пікірлер жазуға

болмайды.

Сайт авторы, әсіресе осы  ережелерді бұзатын кез-келген түсінікті өшіру  құқығына ие. 

 

Блог контентіне пікір қалдыру және қайта басу ережелері:

Блог жазбаларының көпшілігі жеке мақалалар сипатында және авторлық болып табылғандықтан, оларға да сайт контентіне қатысты критерийлер қолданылады:

  • Мақалаларды алған кезде жартылай немесе толығымен дереккөз көрсетілуі тиіс (сайт атауы және тікелей линк  – сайтқа немесе нағыз бетке сілтеме).
  • Қайта басуда сіз қайта жазсаңыз да, мақаланың бастапқы мағынасын өзгертуге болмайды .
  • Мақалаға сілтемелерді қоюды жеңілдету үшін, әр жазбадан кейін оның URL (мекенжай) көрсету керек.

Техникалық бөлім:

  • Блог, аталмыш уақытта  автор қажетті деп тапқан бағдарламалық қамтамасыз етуде жұмыс істейді.
  • Осы мәселе бойынша кез-келген кеңестер мен түсініктерді тақырыптардың сәйкес жазбаларында қалдырыңыз. Дұрыс сын қабылданады.
  •  Блогтың қазақша және орысша нұсқалары бар.
  • Блог okemen. blog.vko.gov.kz электрондық мекенжайы бойынша орналасқан:.
  •  Блогта хабарландыру қалдыру үшін тіркелу қажет. Тіркелген кезде ұсынылған ақпарат жеке деректер туралы қазақстандық заңнамалар талаптарының орындалуымен  сақталады және өңделеді. Басқа пайдаланушылар сіздің аты-жөніңізді немесе бүркеншік атыңызды көретін болады.
  • Егер анкетада нормативті емес лексика қолданылған жағдайда, тіркелуге рұқсат берілмеуі мүмкін. Жеке деректерге енгізілген өзгерістер модератор тексергеннен кейін қойылады.  
  • Автоматты түрде тіркелуге рұқсат берілмейді.

 

Сіз осы ережелерді сақтайсыз деп үміттенемін!