Сіздерді өзімнің ресми блогымда қуана қарсы аламын!
  Өскемен – жарқын оқиғаларға толы үш ғасырға жуық тарихы бар даңқты қала. Біз өз жетістіктерімізбен және атақты жерлестерімізбен мақтанамыз. Қалыптасқан дәстүрлерімізді әрқашан құрметтеп, жаңа дәстүрлерді де құшақ жая қабылдаймыз.
Өмірбаяны

Аймұқашев Ерлан Қапарұлы

1970 жылы 18 наурызда Павлодар облысының Павлодар қаласында дүниеге келген. Ұлты – қазақ, білімі – жоғары. 1992 жылы Павлодар педагогикалық институтын орта мектептің дене шынықтыру пәнінің мұғалімі мамандығы бойынша бітірлген. 1998 жылы – Павлодар университеті, мамандығы – экономист-менеджер.

Еңбек жолы
08.1992-08.1996 жж.  Павлодар педагогикалық институтының Спорттың бұқаралық түрлері кафедрасының оқытушысы, Павлодар қаласы
09.1996-04.1998 жж – «Данат» ЖШС менеджері, Павлодар қаласы
05.1998-12.2000 жж. – Павлодар облысы әкімінің істері басқармасының бас маманы
12.2000-03.2001 жж.  – Павлодар облысы әкімінің істері басқармасының хаттамалық іс-шараларды қамтамасыз ету бөлімінің бастығы
04.2001-11.2001 жж. – «Ертіс» спорт клубы қоғамдық қорының атқарушы директоры, Павлодар қаласы
12.2001-12.2002 жж. – Павлодар облысы туризм және спорт департаментінің бастығы
12.2002- 07.2003 жж. – Павлодар облысы әкімінің көмекшісі
07.2003-01.2007 жж. – Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің көмекшісі
01.2007-02.2010 жж. – Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде келісім-шарт бойынша әскери қызметінен өтті, Астана қаласы
02.2012-03.2012 жж. – Энергетика және инфрақұрылым бойынша Коллегия мүшесінің (Министрінің) Хатшылығы басшысының міндетін атқарушы, Мәскеу қаласы
03.2012-12.2014 жж. – Энергетика және инфрақұрылым бойынша Коллегия мүшесінің (Министрінің) Хатшылығы басшысы, Мәскеу қаласы
2015 жылдың ақпанынан бастап Шығыс Қазақстан облысы әкімі аппараты басшысы.
2016 жылдың  20 сәуір айынан бастап Өскемен қаласының әкімі.