Сіздерді өзімнің ресми блогымда қуана қарсы аламын!
  Өскемен – жарқын оқиғаларға толы үш ғасырға жуық тарихы бар даңқты қала. Біз өз жетістіктерімізбен және атақты жерлестерімізбен мақтанамыз. Қалыптасқан дәстүрлерімізді әрқашан құрметтеп, жаңа дәстүрлерді де құшақ жая қабылдаймыз.
АРДАҚТЫ ҰСТАЗДАР, ПЕДАГОГИКА САЛАСЫНЫҢ АРДАГЕРЛЕРІ!

Баршаңызды еліміздегі басты кәсіби мерекелердің бірі – мұғалімдер күнімен құттықтаймын!

Халқымыз «Ұстазы жақсының ұстамы жақсы» деп, ұстазды ереше қадір тұтады. Ұстаз –білім ордасының негізі.  Сіздердің қызметтеріңіз аса жауапты. Себебі, тұтас ұлттың болашағы – өскелең ұрпақ өздеріңізге аманат етіп тапсырылады.

Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың: «Еліміздің ертеңі бүгінгі жас ұрпақтың қолында, ал жас ұрпақтың тағдыры – ұстаздардың қолында» деген сөзі мұғалімдер қауымына деген ерекше құрмет пен ықыластың ерекше екендігін айқындайды.

Аяулы ұстаздар, білім беру саласының ардагерлері! Осы мерейлі мерекеде барлығыңызға зор денсаулық, баянды бақыт, отбасыларыңызға ырыс-ынтымақ тілеймін!

Өскемен қаласының әкімі Ж.Омар

Пікірлер: 0 Қарау 583
ҚҰРМЕТТІ АҒА БУЫН ӨКІЛДЕРІ! АҚ ЖАУЛЫҚТЫ ӘЖЕЛЕР!

Ақ самайлы аталар!

Үлкенді сыйлау, оларға құрмет көрсету – ата-бабамыздан келе жатқан асыл салтымыз.

Киелі қазақ халқы ежелден қариясын аса құрметпен бағалап, әр сөзін жазылып тұрған хатпен теңеген.

Өздеріңіз салып кеткен сара жолдарыңыз, өмірге деген шексіз белсенділіктеріңіз бен ерік-жігерлеріңіз, ақыл-кеңестеріңіз бен тәлім-тағылымдарыңыз – бүгінгі күннің өскелең ұрпағына үлгі-өнеге болып табылады.

Мамыражай мереке қарсаңында әрқайсыларыңызға дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық тілеймін!

Еліміз аман, жұртымыз тыныш, Тәуелсіздігіміз мәңгі болсын!

Өскемен қаласының әкімі Жақсылық Омар

Пікірлер: 0 Қарау 30
Құрметті өскемендіктер!

Сіздерді сүйікті қаламыз Өскеменнің туған күнімен шын жүректен құтықтаймын!

Бұл ерекше мерекені туған өлкемізге қатысты барлық жандар атап өтетіні сөзсіз. Себебі біздің қаламыз ешбір жанды бей-жай қалдырмайтын ерекше энергетикаға ие.

Өскемен – бірегей тарихымен, рухани және мәдени дәстүрімен, экономикалық және ғылыми әлеуетімен ерекшеленетін киелі мекен.

Қаламыздың ажарланып, күн сайын дамып келе жатқаны – әр өскемендіктің қажырлы еңбегінің жемісі деп білемін.

    Бүгінгі күні шаһарымыздың экономикасы дамып, жаңа өндіріс орындары мен тұрғын үйлер, балалар бақшалары, емханалар мен спорт нысандары күн санап бой көтеруде. Осының барлығы – Сіздердің адал еңбектеріңіздің арқасында жеткен биігіміз деп санаймын.

Құрметті жерлестер! Сүйікті қаламыздың туған күнінде Сіздерге зор денсаулық, отбасылық береке-бірлік тілеймін! Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын! Қала күні құтты болсын! Болашаққа ұмтылған Өскемен өркендеп өрлей берсін!

Құрметпен,   

 Өскемен қаласының әкімі                                                                Жақсылық Омар

 

Пікірлер: 0 Қарау 26
Құрметті өскемендіктер!

Сіздерді Қазақстан Республикасы Конституциясы күнімен
шын жүректен құттықтаймын!

Ұлт көшбасшысы – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев  атап өткендей “Азат елдің ар-намысындай болған Ата Заңымыз қазақтың ұлан-байтақ даласының кеңдігін де, елінің ерлігі мен өрлігін де бойына сыйғызған, тәуелсіз елдің мызғымас
 тұғырына айналған темірқазығы, киелі де қастерлі құжаты”

Еліміздің бүгінгі жеткен жетістігі мен алған белесі
Ата Заңымыздың тұрақтылығында. Оның қағидаларын әр азаматтың қатаң сақтауы – Қазақстанның өркениет көшімен ілгері басуына қосқан үлесі болып табылады. Алдағы уақытта мемлекетіміздің басты заңы өркендеп, қанатын кеңейтіп, елімізде татулық пен бірлік, бейбітшілік пен тұрақтылық салтанат құрып, көк байрағымыз ашық аспан астында желбірей берсін!

Мерекеміз құтты болсын! Әр отбасына береке-бірлік, шаттық пен қуаныш тілеймін!

Өскемен қаласының әкімі                                                    Ж. Омар

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пікірлер: 0 Қарау 51